Атыраудағы «Бином» мектебінде оқушы қызды қайшымен жарақаттады

Бүгін, 09:49 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Алдын ала мәлімет бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын жарақаттаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен 103 бригадасы жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім мен оның ата-анасы полиция бөліміне жеткізілді.

Еске сала кетейік, Құлсарыдағы мектептердің бірінде оқушының құрдастарына балтамен шабуыл жасаған резонансты оқиғасынан кейін, Атырау облысының барлық оқу орындарында Оқу-ағарту министрлігі комиссиясының тексерістері жүріп жатыр.
 

Тэгтер:

оқушы мектеп атырау жарақат қайшы