АҚШ Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменей туралы ақпарат берген адамға 10 миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, сыйақы "Justice Rewards" (Әділдікке көмектескені үшін сыйақы) бағдарламасы аясында ұсынылып отыр. Бағдарлама Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) жетекшілері мен осы құрылымға қатысты тұлғалар туралы маңызды ақпарат бергендерге қаржылай марапат қарастырады.
Іздеуде жүргендер тізіміне Моджтаба Хаменеймен қатар Иранның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары да енгізілген. Олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, көшбасшы әкімшілігі басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Әли Асгар Хеджази, әскери кеңесші Яхья Рахим Сафави бар.
Сонымен бірге АҚШ билігі ішкі істер министрі Эскандар Момени мен барлау министрі Исмаил Хатиб туралы ақпарат бергендерге де сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді.