Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы шаралар 12-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтуде. Осы күндері білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іс-шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Оның негізгі мақсаты - мәдени-әлеуметтік және спорттық шаралардың мазмұнын жаңарту, балаларға арналған цифрлық жобаларды дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу.
Осы шаралар аясында наурыз айының 19-ы күні сағат 11:00-де ел аумағындағы мектептерде, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерде «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтеді.