Елімізде бүгін жаңа Конституция бойынша референдум өтіп жатыр

Бүгін, 09:33 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін, 15 наурызда, бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Осыдан кейін комиссиялар бюллетеньдерді санауға кіріседі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары құқылы. Тіпті азаматтың 18-ге толған күні бүгін болса да, егер ол өз учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енген болса, дауыс беруге қатыса алады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанға референдумның барысын бақылау үшін халықаралық байқаушылар мен шетелдік сайлау органдарының өкілдері келді.

Қазақстан Конституциясы осымен жетінші рет өзгеруде.

Қолданыстағы Ата заң 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды.

Содан бері ол бірнеше рет — 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары өзгертілді.

Ең ауқымды түзетулер (33 бапқа) 2022 жылғы маусымдағы референдумда қабылданған болатын.

Жаңа Конституция жобасын талқылау қоғамда үлкен пікірталас тудырды.
 

Тэгтер:

конституция референдум дауыс беру