Түркістан облысында референдум бақылауда: «Дауыс» коалициясы таңғы 5:45-тен бастап жұмысқа кірісті

Бүгін, 11:16 / Arasha.kz
centeraktiv.kz

Түркістан облысы бойынша "Дауыс" байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев Түркістан облысындағы дауыс беру барысы туралыайтып берді.

Оның айтуы бойынша, Коалицияның барлық бақылаушылары таңғы сағат 5:45-тен бастап учаскелерге келіп, дайындық жұмыстарын жүргізе бастағанын хабарлады.

 Бақытжан Әшірбаев барлық бақылаушылар оқудан өтіп, нұсқау берілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта "Дауыс" коалициясының өкілдері сайлау учаскелерінде бақылау жүргізуде.