Қазақстан бойынша бүгінге дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 08:23 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Тұман Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Ұлытау облысында күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қар, боран және көктайғақ Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында болжануда.

Шаңды дауыл мен қатты жел Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарында күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20–23 м/с дейін жетуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 16 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

16-17 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

16 наурызда түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

16 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

16 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

16 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың  батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

16 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

16 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

16 наурызда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

16 наурызда Қостанай облысында тұман күтіледі.

16 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

16 наурызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

16 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.  

16 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Тэгтер:

қар ауа райы ескерту дауыл жел