Ақтөбеде қоқыс жәшігінен табылған мәйіт ісі бойынша күдікті ұсталды

Бүгін, 09:14 / Қайсар Қалам
Сурет: Polisia.kz

Күдікті Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бірге ішімдік ішу кезінде танысымен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төбелес барысында күдікті 1971 жылы туған жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұққан, содан кейін мәйітті сөмкеге салып, қоқыс алаңына шығарып тастаған.

Ер адамдар арасындағы жанжалға не себеп болғаны, ұсталған адамның жасы, өмір салты және оның тұлғасына қатысты басқа да мәліметтер хабарланған жоқ.

Ресми ақпаратқа сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Ақтөбедегі Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерінің жанынан 12 наурызда сөмкеге салынған мәйіт табылған болатын.

Бұл аумақта жалпы білім беретін мектеп, медициналық жоғары оқу орны және полиция бөлімшесі орналасқан.

Тэгтер:

Ақтөбе қоқыс адам өлімі мәйіт