Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады

Бүгін, 11:48 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

«Ойын бизнесі туралы» Заңға енгізілетін түзетулер Қазақстанның төрт жаңа өңірінде казино ашуды қарастырады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл казиноларға тек шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар және мекеме қызметкерлері ғана кіре алады деп жазды Exclusive.kz.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға енгізілетін түзетулер дайындалып қойған. Оған сәйкес, казиноларды мына жерлерде орналастыру жоспарлануда:

Маңғыстау облысында - Каспий теңізінің жағалауында;

Жетісу облысында - Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында;

Алматы облысында - Талғар ауданында;

Шығыс Қазақстан облысында - Марқакөл және Зайсан аудандарында.

Ойын мекемелерін табиғат қорғау, тарихи-мәдени маңызы бар аумақтарда, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігіне арналған жерлерде орналастыруға тыйым салынады.

Тэгтер:

шетелдіктер турист ойын казино