Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

Бүгін, 17:06 / Қайсар Қалам
Сурет: әлеуметтік желіден

Астанада Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі аялдама кешеніне соғылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 наурызда Сейфуллин көшесінде болған. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, аялдама №10 емхананың маңында орналасқан.

Аялдамаға тоқтау кезінде жүргізуші басқаруға ие бола алмай, конструкцияға соғылған, деп жазды ҚазАқпарат.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Астана қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтау және әсіресе қоғамдық көлік аялдамаларының маңында барынша зейінді болу қажеттігін ескертті.

Тэгтер:

Астана автобус аялдама