Қайғылы оқиға 19 наурыз күні таңертең Бородулиха ауданындағы «Орловка шахтасында» болды. Бір жұмысшы қаза тауып, екеуі ауруханада жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады — тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің ықтимал бұзылуы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 18-нен 19 наурызға қараған түні учаскелердің бірінде жарылыс жұмыстары жүргізілген. Содан кейін шахтада көмірқышқыл газының концентрациясы көтеріліп кеткен.
Таңертең екі қызметкер жер астына түсіп, кейінірек олар ес-түссіз күйде табылған. Құтқару кезінде учаске бастығы да зардап шекті. Барлығы жер бетіне шығарылды. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, екеуі ауруханаға жатқызылды.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, болған жағдайдың себептері анықталуда.
Бұған дейін Бестөбедегі алтын өндіру кенішінде кезекті заңсыз іздеушінің (старатель) қаза тапқаны белгілі болған еді.