"Кешірім сұраймын": Тәшиев тергеуден соң маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:11 / Ахмет Қанатұлы
kg.akipress.org. Суретте: Қамшыбек Тәшиев

Қырғызстан ҰҚМК-ның (ГКНБ) бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Ішкі істер министрлігіндегі сұрақ-жауаптан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ол Ораза айт мерекесіне байланысты халыққа үндеу жасап, кешірім сұрады.

"Егер мен қателік жіберіп, біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті айда түрлі қауесет таратып, жала жапқандардың бәрін Алла разылығы үшін кешірдім. Келесіде олар мұндай әрекетке бармайды, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпайды деп үміттенемін", – деді Ташиев.

Айта кетейік, 19 наурыз күні Қамшыбек Тәшиевтің ІІМ-ге екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақырылғаны хабарланған. Ол тергеушімен адвокатының қатысуымен сөйлескен.

Тэгтер:

Қырғызстан Қамшыбек Тәшиев