Иранда 19 жастағы ұлттық құрама балуаны өлім жазасына кесілді

Бүгін, 16:05 / Ахмет Қанатұлы
10NewsAU / YouTube

Иранда өткен жылдың соңында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп айыпталған үш адамның қатарында елдің еркін күрес құрамасының мүшесі, 19 жастағы Салех Мохаммади де бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

19 наурыз күні Иранда үш ер адам өлім жазасына кесілді. Олар елдегі наразылықтар кезінде екі полиция қызметкерін өлтірді деп айыпталған. Құқық қорғау ұйымдары бұл адамдардың әділ сотсыз жазаланғанын және мойындауларды азаптау арқылы алғанын мәлімдеді.

Салех Мохаммади, Мехди Гасеми және Саид Давуди Кум қаласында (Тегеранның оңтүстігінде) дарға асу арқылы жазаланған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар тек кісі өлтіруге ғана емес, сондай-ақ Израиль мен АҚШ мүддесіне қызмет еткен "жедел әрекеттерге" қатысы бар деп танылған.

Айта кетейік, Салех Мохаммади 2024 жылы Красноярск қаласында өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 71 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған.

Өткен жылдың соңында Иранда экономикалық жағдайға байланысты ірі наразылықтар басталған еді. Бұл оқиғалар барысында кемінде 2 мыңға жуық адам қаза тапқаны айтылғанымен, нақты сан әртүрлі бағаланады. Билік елде интернетке шектеу енгізіп, тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға АҚШ пен Израильді айыптады.

Сонымен қатар жағдай ушығып, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери шаралар қолдану мүмкіндігін айтқан. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға әуе соққыларын бастап, оған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы америкалық нысандар мен Израильге шабуыл жасаған.

Тэгтер:

Иран АҚШ Израиль Салех Мохаммади