БҚО-да 43 отбасы баспаналы болды

Бүгін, 17:09 / Қайсар Қалам
Сурет: Әкімдік

Наурыз мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облысында 43 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

- Өңір халқын баспанамен қамту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. 2023 жылдан бері облыста тұрғын үй құрылысына 63 млрд теңге бөлініп, 3698 пәтер пайдалануға берілді. Кейінгі 3 жылда аудан орталықтарын қоспағанда тек ауылдарда 1733 отбасы баспаналы болды. Жаңа баспана – әр отбасы үшін үлкен қуаныш, жаңа өмірдің бастауы. Бұл үйлер сіздерге тек жайлы мекен емес, берекелі шаңырақ болсын!, - деді облыс әкімі.

Орал қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 27 мыңнан астам азамат тіркелген. Биыл әлеуметтік осал топтарға 200 пәтер, сондай-ақ несиелік негізде 1000 пәтерді беру жоспарланды. Қазіргі уақытта 370 пәтерді қамтитын 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл пәтерлерді кезекте тұрған азаматтарға беру үшін конкурс рәсімдері жүргізілуде. Бұдан бөлек 248 пәтерді қамтитын тағы 2 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары бітті.

Айта кетейік, су жаңа пәтерлер Орал қаласына қарасты Ақжайық шағынауданынан берілді. Мұнда кейінгі жылдары көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

Тэгтер:

баспана пәтер БҚО