21 наурыз – Ынтымақ күні. Ынтымақ сөзі береке-бірлік, татулық сөздерінің баламасы ретінде қолданылады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Халқымыз бірлік, ынтымақ мәселесіне ерекше мән беріп, оны өмірдің өзегіне балап, оның мән-маңызын «Ырыс алды ынтымақ», «Бірлік болмай тірлік болмас», «Ынтымақ түбі - игілік» дейтін мақалдар арқылы жеткізген. Бүгінгі күні де Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдделердің айналасына бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр.
Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.