Ұлыбритания АҚШ-қа Ормуз бұғазындағы кемелерге және көршілес мемлекеттердің инфрақұрылымына шабуыл жасалатын Ирандағы нысандарға соққы беру үшін өз әуе базаларын пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің өкілі Таяу Шығыстағы жағдайға арналған үкімет отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Оның айтуынша, британдық министрлер АҚШ-тың аймақтың ұжымдық өзін-өзі қорғауы аясында Біріккен Корольдіктің әскери базаларын пайдалану құқығын қарастыратын келісімнің Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасау үшін қолданылатын зымырандық позициялар мен әлеуетті әлсіретуге бағытталған қорғаныс операцияларына да қатысты екенін растады.
Хабарланғандай, наурыз айының басында Лондон Вашингтонның британдық базаларды Иранның зымыран қоймаларына соққы беру үшін пайдалану туралы сұранысын мақұлдаған. Бұл нысандар корольдік мүдделеріне және оның азаматтарының қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп есептеледі.
Сонымен қатар, британ тарапы бұл жерде Ұлыбританияның АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына қосылуы туралы сөз болып отырмағанын баса айтты.