Қарағанды облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

21 наурыз, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: ПД

21 наурыз күні сағат 05:00 шамасында Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кентінің маңында (Жамбыл облысының шекарасынан 3 шақырым жерде), автобустың 49 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге кезекті рет ескерту жасайды:

Есіңізде болсын: рульдегі шаршаңқылық реакцияны төмендетеді және қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты.

Тэгтер:

автобус Қарағанды жол апаты