Министрлік аталған жайтты бақылауда ұстап отырғандарын және мұндай жағдайларда заңда көзделген барлық рәсімдер аяқталғанға дейін асығыс түсіндіру жұмыстарын жасауға, дәлелсіз қорытындылар шығаруға және алдын ала баға беруге жол беруге болмайтынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға мәнін бұрмалау немесе процесс қатысушыларын негізсіз қаралауға әкелуі мүмкін мәлімдемелерге жол бермеу аса маңызды, делінген министрліктің жазбасында.
"Аталған іс бойынша шешім әділ болады деп сенемін. Таратылып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеру – «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген журналистердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, заңнамада, атап айтқанда 68-бапта, журналистерді шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайлар қарастырылған, оның ішінде ресми сөздерді сөзбе-сөз, өзгеріссіз келтірілген болса", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ осы сияқты кез келген мәселелерді қарау барысында «Заң және тәртіп» қағидатын қатаң сақтау қажеттігі, өйткені заң баршаға ортақ және оны сақтау барлық азаматтар үшін міндетті екені айтылған.
"Өз тарапынан министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын. Сонымен қатар, барлық процессуалдық әрекеттер сыртқы араласусыз, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 20 наурыз күні Ботагөз Омарова жалған ақпарат тарату ісі бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа алынған еді.