Ол туған-туыстарымен қауышқан сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Төребаев жазбасына: «Өзгелерге махаббат сыйлай білу. Қарапайым нәрселерге қуана білу», деп қысқаша қайырды.
Еске сала кетейік, 2022 жылы бірнеше танымал блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істің ортасында қалған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, олар жобаны жай ғана жарнамалап қоймай, оған тікелей қатысы болып, табыс тауып отырған.
Кейінірек Төребаев қаржы пирамидасы деп танылған Mudarabah Capital компаниясына достары болғандықтан сенгенін айтты. Вайнер өзінің де зардап шеккенін және бұл схемадан ешқандай пайда көрмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ҚНРДА (АРРФР) 2020 жылдың өзінде-ақ Mudarabah-қа қатысты тәуекелдер туралы ескерткенін атап өтті.
2022 жылдың сәуірінде вайнер қамауға алынды. 2023 жылдың маусымында сот оны және Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырды.
2025 жылдың жазында алдымен Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққан еді. Енді, міне, Төребаев та оралды.