Қар жеп жан сақтаған: Абай облысында шопан аяғы сынып, бес күн бойы далада жатқан

Бүгін, 10:55 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Абай облысында құтқарушылар аяғы сынып, бес тәулік бойы далада жатқан ер адамды тапты, деп хабарлайды Arasha.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 наурызда Абай ауданының тұрғыны атпен мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Телефоны өшірулі болып, қайда екені белгісіз еді.

Іздеу жұмыстарына жол талғамайтын техникамен ТЖМ қызметкерлері, полицейлер және жоғалған адамның туыстары шықты.

«Бүгін таңертең іздестіру тобы ер адамды даладан тапты. Шопанға ыстық шай беріліп, зақымдалған аяғы таңылды. Содан кейін ол медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, алғашқы күні-ақ ат жығылып, оған көмектеспек болған шопанды басып қалып, аяғын сындырған. Ат түрегеліп, иесін жалғыз қалдырып кетіп қалған. Бес күн бойы ер адам қар жеп, шөлін басып жан сақтаған. Күн райының салыстырмалы түрде жылы болуы оны аман алып қалды, үсік шалудың алды алынды.

Тэгтер:

ТЖД құтқару шопан