Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында заңсыз алтын іздеуші қаза тауып, екеуі жарақат алды

Бүгін, 10:14 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бестөбедегі шахтада болған үйінді астында қалу оқиғасы заңсыз алтын іздеушінің өмірін қиды. Екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 наурызда Бестөбе кентіндегі шахтаның төменгі горизонтында болған. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.

Ресми расталмаған ақпарат бойынша, Степногорск және Астана тұрғындары жарақат алған: олардың басынан зақым келіп, жамбас сүйектері сынғаны айтылуда.

Тэгтер:

алтын қаза шахта