Атыраудағы түзеу мекемесінде сөз таласынан басталған төбелес салдарынан сотталушы көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«22 наурызда Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында болған төбелес нәтижесінде олардың бірі қайтыс болды», - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.