Атыраудағы ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлап жарақат алды

Бүгін, 17:00 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Атырауда сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, биіктіктен секіріп кеткен. Соның салдарынан ол жеңіл жарақат алған.

Ведомствоның хабарлауынша, медициналық тексеруден кейін жасөспірім ата-анасымен бірге үйіне жіберілген.

Сондай-ақ баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру жүргізу туралы құзырлы органдарға нұсқама жолданған.

Тэгтер:

жасөспірім атырау сауда орталығы