Жеке тұлға үй, көлік сатудан тапқан ақшасының 10 пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті емес. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

Вице-министр өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында кеше тараған ақпаратқа түсіндірме жазған.

Кеше бірқатар БАҚ-та «адамдар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттеледі» деген ақпарат тарап, ол әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова оны жоққа шығарды.