Анголада тыңшылық жасады деп айыпталған екі ресейлік сотталып жатыр

Бүгін, 12:02 / Қайсар Қалам
Сурет: Criminal de Angola

Ангола тергеу орындарының мәліметінше, екі ресейлік азамат 2024–2025 жылдары саяси жағдайға ықпал ету үшін мәліметтер жинап, бейнетүсірілім жүргізген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Анголада саяси кеңесші Игорь Ратчин мен аудармашы Лев Лакштанов сот алдында жауап беруде. Оларға тыңшылық жасады, жалған ақпарат таратты және елдегі президент сайлауына әсер етпек болды деген айыптар тағылып отыр, деп жазады BBC.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушыларға ақпарат жинау мен бейнетүсірілімнен бөлек, жергілікті БАҚ-тағы жарияланымдарды қаржыландырды деген де айып тағылған. Тергеушілер осылайша олар қоғамдық көңіл-күй мен саяси процесстерге ықпал етуге тырысқан деп мәлімдейді.

Сонымен қатар, олардың қызметі «Вагнер» ЖӘК құрылымдары ыдырағаннан кейін пайда болған желімен байланысты болуы мүмкін екендігі бөлек көрсетілген.

Осы іс бойынша Анголаның екі азаматы да тергелуде. Оларға байланыс орнатуға және материалдарды таратуға көмектесті деген айып тағылып отыр.

Тэгтер:

сот ресей Ангола тыңшылық