Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы ұсталды – БАҚ

Бүгін, 13:05 / Ахмет Қанатұлы
facebook.com/mrturgunbaev. Суретте: Мелис Тургунбаев

Қырғызстанда Ұлттық банктің экс-төрағасы Мелис Тургунбаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

24.kg басылымының мәліметінше, 25 наурыз күні ІІМ тергеу қызметінің өкілдері Тургунбаевты "Қырғызмұнайгаз" компаниясына қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырған. Тергеу әрекеттерінен кейін ол қамауға алынған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Мелис Тургунбаев бұған дейін мұнай-газ саласында бірқатар жоғары қызметтер атқарған. 

Сондай-ақ ол табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі қызметін атқарып, кейін Қырғызстан Ұлттық банкін басқарған.

Тэгтер:

Ұлттық Банк Қырғызстан Мелис Тургунбаев