2019 жылы 9 маусымда Президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болып сайланды.
2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы өтіп, VII шақырылымы депутаттары сайланды.
Бір жыл өткесін 20 қарашада Президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев қайта мемлекет басшысы болып сайланды. Осы жолы президенттік мерзім 7 жылдық бір реттік жүйеге өзгертілді және бұл кезектен тыс өткізілген сайлау болды.
2023 жылы 19 наурызда кезектен тыс Мәжіліс сайлауы қайта өтті. Бұл жолы сайлаудың ерекшелігі: бұған дейінгі Мәжіліс сайлауы Партиялық тізім бойынша өтсе, енді аралас сайлау жүйесі енгізілді. Бұл дегеніміз партиялық тізім мен бірмандатты округтер арқылы жүзеге асатын сайлау жүйесі.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін тікелей сайлау енгізілген болатын. Кейін аудан және қала әкімдерін сайлау пилоттық түрде өткізіле бастады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгеріс енгізу бойынша 2022 жылы 5 маусымда және 2026 жылы 15 наурызда бүкілхалықтық референдум өтті.