Қарағандыда әйел мен қызы өлі табылды

Бүгін, 09:00 / Қайсар Қалам
Сурет: Polisia.kz

38 жастағы әйел мен оның қызының мәйіті Крылов көшесіндегі пәтерден табылды. Қаза болғандардың денесінде күш көрсету арқылы өлтіру белгілері бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция басқа мәліметтерді жариялаған жоқ. Қос кісі өліміне қатысты күдіктінің анықталғаны белгілі болды. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұлғасы анықталды, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Тэгтер:

полиция Қарағанды адам өлімі