Қазақстан «ЛУКОЙЛ»-мен бірлескен жобаны тоқтатты

Бүгін, 17:13 / Қайсар Қалам
Сурет: ЛУКОЙЛ

«ҚазМұнайГаз» Каспий теңізіндегі «ЛУКОЙЛ»-мен бірлескен жобаны санкцияларға байланысты уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Каспийдің қазақстандық секторындағы Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру жобасының жүзеге асырылуы тоқтатылған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов сарапшылармен өткен бейнеконференцияда мәлімдеді, деп жазды Интерфакс.

«Өткен жылы біз Қаламқас-теңіз және Хазар бойынша бірлескен жобаның жобалау кезеңін аяқтадық. Алайда енгізілген санкцияларды ескере отырып, қазіргі уақытта жобаны әрі қарай жүзеге асыру тоқтатылды», - деді ол.

Кен орындары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан. Өнімді қабаттар теңіз түбінен 1,5–2 мың метр тереңдікте жатыр. Жалпы өндірілетін қор шамамен 48,5 млн тонна мұнай мен 19 млрд текше метр газға бағаланады. Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі - шамамен 4 млн тонна (тәулігіне 80 мың баррель), ал жобаны игеру мерзімі кемінде бес жыл болуы тиіс.

Тэгтер:

ҚАЗМҰНАЙГАЗ санкция Лукойл