Ақтөбе – Алматы пойызында адам өлімімен аяқталған пышақ салу оқиғасына қатысты үкім шықты

Бүгін, 09:59 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбе – Алматы пойызындағы адам өлімімен аяқталған пышақтасу оқиғасына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызында болған кісі өлтіру дерегі бойынша үкім шықты», - деп хабарлады жұма күні Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған.

«Мейрамхана-вагонда үш әріптес алкогольдік ішімдік ішкен, кейін екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Вагон тамбурында жолаушылардың бірі әріптесіне бірнеше рет пышақ сұғып, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

сот пойыз адам өлімі пышақ салу