Дағыстанда жойқын су тасқыны болды

Бүгін, 09:55 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Дағыстанда нөсер жаңбыр салдарынан ауқымды су тасқыны орын алып, 283 елді мекен мен 327 мыңға жуық адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Табиғи апаттан ең қатты зардап шеккендер Махачкала, Дербент қалалары мен республиканың бірнеше ауданы. Дағыстан астанасында су көшелер мен аулаларға жайылып, кей жерлерде үйлерді басып қалды. Қауіпті аймақтардағы тұрғындар эвакуацияланды.

Апат салдарынан көпірлер зақымданып, жекелеген учаскелерде көлік қозғалысы тоқтатылды, ал тоғыз елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалды. Су тасқыны автокөліктерді ағызып әкетіп, коммуналдық және жол инфрақұрылымы нысандарын қиратуда.

Билік жағдайды өте ауыр деп бағалап отыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар мен сарапшылар мұндай су тасқындары аймақ үшін таңсық емес екенін айтады. Олар мұны ретсіз әрі тығыз салынған құрылыстармен, сондай-ақ нөсер кәріз жүйесінің тиімсіздігімен байланыстырады.

Тэгтер:

су тасқыны ТЖ дағыстан