Дүйсенбі күні Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өңірлердегі ауа райы болжамы:
Алматы облысы: Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты күндіз батысқа ауысады. Облыстың шығысы мен орталығында желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысы: Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысы: Солтүстікте және шығыста тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман күтіледі.
Қызылорда облысы: Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы: Батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі. Петропавлда тұман болады.
Жетісу облысы: Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысы: Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта тұман күтіледі. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысы: Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан қаласында да өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысы: Күндіз батыста және оңтүстікте найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысы: Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-18 м/с жетеді.
Ұлытау облысы: Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с болады.
Қарағанды облысы: Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы: Түнде оңтүстікте, батыста және орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Батыста және орталықта тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысы: Түнде және таңертең солтүстікте және батыста тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысы: Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Мегаполистердегі ауа райы:
Астана: Күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде -1...-3, күндіз +14...+16 градус жылы.
Алматы: Күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +7...+9, күндіз +24...+26 градус жылы.
Шымкент: Күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +9...+11, күндіз +25...+27 градус жылы.