Рамзан Қадыров Шешен Республикасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Чечня сегодня" агенттігінің жазуынша, мұндай шешім қолайсыз ауа райына байланысты қабылданған. ТЖ режимі Грозный және Аргун қалаларында, сондай-ақ республиканың 9 ауданында енгізілді.
Ресми мәліметке сәйкес, аймақта нөсер жауын, таулы жерлердегі жауын-шашын, жаңбыр мен қар суы, өзендердегі су деңгейінің қауіпті межеге дейін көтерілуі және сел жүруі тіркелген.
27-28 наурыз аралығында 18 елді мекенде 1817 үй мен аула аумағын су басқан. Сонымен қатар 28 жолды су шайып кеткен, бір бөгет бұзылған, 17 көпір, 5 газ құбыры және 6 трансформатор зақымданған.