Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы лауазымынан босатылды

Бүгін, 09:18 / Қайсар Қалам
Сурет: ortcom.kz

Бауыржан Артықов «Батыс» қолбасшылығының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Артықов Бауыржан Шұбайұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, Бауыржан Артықов «Батыс» қолбасшылығын 2024 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келген болатын.

Тэгтер:

лауазым Бауыржан Артықов Батыс» қолбасшылығы