Танымал заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды: Ол Алматыдағы жол апаты туралы пікір білдірген

Бүгін, 09:06 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/adiletkhan. Суретте: Әділетхан Молдахан

Алматыда танымал заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Tengrinews.kz жазуынша, Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті растады.

"Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", – делінген ресми хабарламада.

Әділетхан Молдахан – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына бір миллионнан астам қолданушы тіркелген.

Тэгтер:

алматы заңгер Әділетхан Молдахан