Израиль парламенті террористерді өлім жазасын кесу туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 09:41 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Кнессет (Израиль парламенті – ред.) террористерге өлім жазасын кесу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Тарихи оқиға орын алды! Біз уәде бердік – оны орындадық. Террористерге өлім жазасын беру туралы заң Израиль Мемлекетінің заңдар жинағына енгізілді», – деп жазды ол.

«Kan» мемлекеттік телерадиокомпаниясының нақтылауынша, үкімді дарға асу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Шешуші үшінші оқылымда заң жобасын 62 депутат қолдап, 48-і қарсы шықты. Құжатқа премьер-министр Биньямин Нетаньяху да дауыс берді.

Израиль оппозициясы бұл заңды демократия мен халықаралық құқыққа қайшы келеді деп атап, оның қабылдануына қатысты Израильдің Жоғарғы сотына шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Тэгтер:

заң өлім жазасы Израиль террорист