Майнерлер бюджетке 2,1 млрд теңге аударған

Бүгін, 10:36 / Қайсар Қалам
Сурет: 59i.ru

Қаңтар-ақпан айларында цифрлық майнинг үшін төлем 2,106 млрд теңгені құрады. Оның 81%-ы Астана қаласына, 15,4%-ы Алматы қаласына тиесілі, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «Чёрный лебедь, рак и щука» телеграм арнасына сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылы бюджетке цифрлық майнингтен 6,72 млрд теңге түскен.

Цифрлық майнинг үшін төлем майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлеміне байланысты алынады. Төлем ставкасы электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 1 теңге болып белгіленген.

Қазіргі уақытта биткоинның бір монета $67,5 мың деңгейінде саудалануда.

Ұлттық банк осы көктемде алтын-валюта резервтерінен криптоактивтерге $350 млн-ға дейін қаржы салатынын мәлімдеді. Бұған дейін Ұлттық банк криптоқорды толықтыру көздерінің бірі ретінде тәркіленген цифрлық активтер мен майнинг нәтижесінде алынған активтер қарастырылатынын айтқан болатын.

Тэгтер:

қаржы биткоин Майнер