"250 мың теңге жеткілікті": Депутаттар зейнетақы мөлшері туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Бүгін, 18:15 / Ахмет Қанатұлы
Arasha.kz коллажы

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 70 жастағы депутаты Құдайберген Бексұлтанов пен Сенаттың 68 жастағы депутаты Бекболат Орынбеков өздеріне жеткілікті деп санайтын зейнетақы мөлшері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

25 жылдан астам уақыт депутаттық қызмет атқарып келе жатқан Құдайберген Бексұлтановтың айтуынша, адам әрқашан көбірек табыс тапқысы келеді, алайда өмір сүру деңгейін де шынайы бағалау қажет. Және өзі қазіргі уақытта 246 мың теңге зейнетақы алатынын айтты.

"Әрине, адамға әрдайым көп керек болады. Тіпті миллион табыс тапса да, аз көрінуі мүмкін. Бірақ адамның қажеттілігіне қарай өмір сүре білуі маңызды", – деді ол.

Ал сенатор Бекболат Орынбеков айына 200-250 мың теңге көлеміндегі табыспен өмір сүруге болатынын айтты. Оның пікірінше, бұл – күнделікті қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті сома.

"Менің жеке пікірім – айына шамамен 200-250 мың теңге жеткілікті. Өйткені біз де дүкенге барамыз, коммуналдық төлемдерді төлейміз. Қазіргі жағдайда 250 мың теңгемен өмір сүруге болады деп ойлаймын", – деді сенатор.

Сонымен қатар ол бұл соманы доллармен есептегенде шамамен 500 доллар болатынын атап өтті. Депутаттың айтуынша, мұндай көрсеткішті басқа елдермен салыстыра отырып бағалауға болады.

Тэгтер:

Құдайберген Бексұлтанов Бекболат Орынбеков