Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің депутат інісі ұсталды

2 сәуір, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс аясында бұрын Жогорку Кенеш депутаты болған Шаирбек Тәшиев ұсталған.

ІІМ дерегіне сәйкес, ол "Қырғызнефтегаз" ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша тергеу шеңберінде ұсталған.

Қазіргі уақытта Шаирбек Тәшиев Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тэгтер:

Қырғызстан Қамшыбек Тәшиев Шаирбек Тәшиев