Ерболат Досаев тағы бір қызметінен босатылды

Бүгін, 09:38 / Ахмет Қанатұлы
gov.kz. Суретте: Ерболат Досаев

Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан да шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жарияланған құжатта көрсетілген. Құжатқа сәйкес, қордың жалғыз акционері Досаевты директорлар кеңесінен шығару туралы шешім қабылдаған. Аталған шешім 2026 жылғы 25 наурызда бекітілген.

Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олардың қатарында Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи бар.

Айта кетейік, дәл осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын. Ол бұл қызметте шамамен жарты жыл жұмыс істеген.

Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған. Бұған дейін ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

Тэгтер:

ерболат досаев