Алматыда тұрғындарға шабуыл жасаған жасөспірімдер елден шығарылды

5 сәуір, 2026 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz коллажы

Алматы полициясы қала тұрғындарына тас пен таяқ қолдана отырып шабуыл жасаған құқық бұзушылардың елден шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, сот шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік азаматтар Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылып, олардың елге қайта кіруіне тыйым салынған.

"Соттың қаулысымен қоғамдық орындарда заңға қайшы әрекеттер жасаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан шығарылды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, аталған жасөспірімдер Тәжікстан азаматтары болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Алматыда тұрғындарды қорқытып, агрессивті әрекеттерімен көзге түскен жасөспірім қайыршылар тобы туралы ақпарат тараған еді. Олар адамдардың жеке заттарын тартып алып, үстіне су құйып, тас лақтыру сияқты әрекеттерге барған.

Тэгтер:

Алматы полициясы