NASA-ның Artemis II миссиясына қатысушы экипаж мүшелері Айдың арғы бетін алғаш рет бақылаған сәттегі әсерлерін бөлісті. Астронавттар бұл туралы BBC-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астронавт Кристина Кох Айдың көрінісі ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.
"Бұл көріністе бір өзгешелік бар. Бұл – біз үйренген Ай емес екенін бірден сезесің", – деді ол.
Қазіргі таңда NASA астронавттары Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох пен Канадалық ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен "Орион" ғарыш кемесінде миссияның үшінші күнін өткізіп жатыр. Экспедиция аясында олар Айды толық айналып ұшып, Жерге қайта оралуы тиіс.
Айта кетейік, 2 сәуір күні Кеннеди ғарыш орталығынан пилотты Artemis II миссиясы ұшырылған. Оның басты мақсаты – Айды айналып ұшу.
Бұл – 1972 жылдан бері Айға бағытталған алғашқы пилотты миссия. Ұшу ұзақтығы 10 күнге жоспарланған.