Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлының мәйіті табылды: Полиция мән-жайды айтты

Бүгін, 15:19 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында тіркелген. Құқық қорғау органдарының өкілдері марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын айтып, қазіргі уақытта істің мән-жайы тексеріліп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қайғылы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Оның сөзінше, марқұм Баир 24 наурыз күні үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Кейін оның өлі табылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Марқұмның жақындары мен желі қолданушылары қайғыға ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Тэгтер:

алматы Гүлнәр Сиқымбаева