Бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзіне айналды. Алайда жеделдікпен бірге жауапкершілік те артты. Қоғам үшін елеулі қауіптердің бірі – «цифрлық қауесеттер».
Көп жағдайда пайдаланушылар мәселенің мәніне үңілместен, тексерілмеген, кейде тіпті жалған ақпаратты таратады. Назар аударту мен «хайп» қуған жекелеген тұлғалар өз әрекеттерінің салдарын елемейді. Ал шын мәнінде, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жариялау бүкіл қоғам үшін қауіп факторы болып табылады. Бұл жай ғана зиянсыз әзіл немесе интернеттегі пікір емес. Мұндай әрекеттер дүрбелең туғызуы, азаматтардың іскерлік және жеке беделінен ұқсан келтіруі, сондай-ақ мемлекеттік институттардың қызметін тұрақсыздандыруы мүмкін.
Цифрлық ортада толық анонимділік жоқ. Интернеттегі кез келген әрекет «цифрлық із» қалдырады. Заманауи технологиялар ақпараттың таралу көзін анықтауға мүмкіндік береді, тіпті пайдаланушы көзге түспеймін деп ойлаған жағдайда да. Тәжірибе көрсеткендей, заңға қайшы жарияланымдар анықталып, олардың авторлары заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Сондықтан пікір немесе жазба жарияламас бұрын оның салдарын түсіну қажет. Жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
Сөз бостандығы – шексіз еркіндік емес. Ол басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға сылтау бола алмайды. Кез келген таратылатын ақпарат тексерілген фактілерге негізделуі тиіс, болжамдар мен жорамалдарға емес. Бұл – ақпараттық этиканың негізгі қағидаты.
Заң – әрбір азаматты қорғау тетігі. Құқықтық нормаларды сақтау тұрмыста, бизнесте және медиа кеңістікте қауіпсіз орта қалыптастырады.
Қылмыстық қудалау органдары тек жауапкершілік шараларын қолдануға ғана емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ортақ міндетіміз – жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде цифрлық ортада. Өйткені мәдениет әрбір әлеуметтік желі қолданушысының жеке жауапкершілігінен басталады.