"Жансақтау бөлімінде жатыр": Ақын Мұхтар Шахановтың денсаулығына қатысты жайсыз хабар тарады

Бүгін, 13:54 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Белгілі ақын, жазушы Мұхтар Шахановтың жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл мәліметті Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Ол өз жазбасында ақынның қазіргі таңда денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің бақылауында жатқанын атап өтті.

"Халқымыздың Қаһарман ақыны, ұлт үшін аянбай еңбек еткен Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кемде-кем. Ол тек қазаққа ғана емес, бүкіл түркі әлеміне танылған тұлға. Кеңестік кезеңнің өзінде Желтоқсан оқиғасын әлемге жеткізіп, ел үшін үлкен ерлік жасады. Қазір жасы 84-ке келді. Денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Баршаңызды дұға етуге шақырамын", – деп жазды қор төрағасы.

Тэгтер:

мұхтар шаханов ақын