Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Бүгін, 15:19 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/01pk. Суретте: Перизат Қайрат

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмысқа тартылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сотталған азамат мекеме ішінде еңбекке жұмылдырылған.

"Сотталған тұлға мекемеде жұмысқа орналастырылып, қызметтік бөлмелерді тазалау жұмыстарымен айналысады", – деп хабарлады комитет.

Перизат Қайрат – елге қоғам қайраткері ретінде танылған. Ол үш жыл бойы "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қорын басқарған.

Еске салайық, 2024 жылдың қараша айында ол 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде жиналған. Алайда қаражаттың бір бөлігі жеке мақсаттарға – элиталық жылжымайтын мүлік, көлік пен шетелдік сапарларға жұмсалғаны айтылған.

Тэгтер:

Перизат Қайрат