Artemis II: Астронавтар ай маңындағы ұшу кезеңін сәтті аяқтады

Бүгін, 08:40 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Orion ғарыш кемесі Айды айналып ұшуды сәтті аяқтап, Artemis II миссиясының экипажы Жерге қайту жолына шықты.

Ұшақ бортында төрт астронавт болды: Рид Вайсман, Виктор Гловер, Кристина Кох пен Джереми Хансен. Олар ұшудың бесінші күні Айдың тартылыс аймағына кіріп, оны толық айналып өтті.

Айдың арғы бетімен ұшқанда Жермен байланыс шамамен 40 минутқа үзіліп қалды. Бұл – қалыпты жағдай, себебі ол кезде кеме Жермен тікелей байланыс орната алмайтын аймақта болды. Кейін қайта байланыс орнатылды.

Осы сапарда экипаж Жерден 406 мың шақырымнан астам қашықтыққа жетіп, бұрынғы рекордты жаңартты. Айға ең жақын арақашықтық шамамен 6400 шақырым болды.

Астронавтар ұшу кезінде Айдың бетін зерттеп, үлкен кратерлерді суретке түсірді, сондай-ақ метеориттердің құлауынан болған жарқылдарды байқады. Бұдан бөлек, олар сирек кездесетін табиғи құбылысты – Күннің тұтылуын көрді. Сол сәтте Ай Күнді толық жауып тұрған.

Миссия барысында астронавтар Айдағы екі кратерге атау беруді ұсынды.

Қазір ғарыш кемесі Жерге қайту бағытымен ұшып келеді. Алдағы күндері ұшу траекториясы түзетіліп, экипаждың аман-есен оралуы қамтамасыз етіледі.

Тэгтер:

жер ғарыш ай