Бразилияда қазақ киберспортшысы Molodoy-ды ерекше қарсы алды (ВИДЕО)

Бүгін, 08:56 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Бразилия әуежайында семейлік киберспортшы Данил Голубенкоды (Molodoy) жергілікті жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар арнайы баннерлер дайындап, оның атын ұрандатып, тіпті арнап ән де орындаған. Мұндай құрмет жас ойыншының халықаралық аренадағы жетістігінің айқын дәлелі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

20 жастағы қазақстандық ойыншы қазіргі таңда FURIA Esports құрамында мерген (снайпер) ретінде өнер көрсетеді. Жақында ол Counter-Strike ойыны бойынша өткен FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінде ең үздік ойыншы (MVP) атанып, мансабындағы алғашқы ірі марапатына қол жеткізді. Бұл жетістік оны ТМД кеңістігіндегі ең көп талқыланатын киберспортшылардың қатарына қосты.

Аталған LAN-турнир Сербияда өткен жылдың 12-21 қыркүйек аралығында өтіп, әлемнің үздік командаларын жиналды. Жүлде қоры 500 мың доллар болды. Финалда FURIA Esports командасы The Mongolz ұжымын 3:2 есебімен жеңіп, 200 мың доллар иеленді.

Турнир барысында Голубенко 18 картада орта есеппен 1,19 рейтинг көрсетіп, жоғары тұрақтылық танытты. Тек үш матчта ғана оның көрсеткіші теріс нәтиже көрсеткен. Осындай сенімді ойынның арқасында ол HLTV.org нұсқасы бойынша MVP атанды. Сонымен қатар, Molodoy әлемдегі ең болашағы зор 10 ойыншының қатарына енді.

Тэгтер:

Бразилия Данил Голубенко Molodoy