Иманғали Тасмағамбетов ақын Темірхан Медетбектің жылдық асына қатысты

13 сәуір, 2026 / Ахмет Қанатұлы
odkb-csto.org. Суретте: Иманғали Тасмағамбетов

Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек рухына арналған жылдық ас берілді, деп Arasha.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске алу жиынына елге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қонақтар қатарында Иманғали Тасмағамбетов те болып, ол көпшілік алдында сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығы мен тұлғасына тоқталды.

Жиынға сондай-ақ Ақұштап Бақтыгереева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет секілді танымал тұлғалар қатысты. Бұл сәттерді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейітман әлеуметтік желіде бөлісті.

Айта кетейік, Темірхан Медетбек 2025 жылдың мамыр айында 80 жасында дүниеден өткен болатын.

Тэгтер:

иманғали тасмағамбетов