Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар дипломатиялық кадрлық өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент жарлығына сәйкес, Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Марғұлан Бақытұлы Баймұханға қосымша міндет жүктелді. Ол Қазақстанның Таиландтағы елшісі әрі БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы тұрақты өкілі қызметімен қатар, енді Мьянмадағы Қазақстан елшісі міндетін де қоса атқаратын болады.
Ақорда мәліметінше, бұл тағайындаулар елдің сыртқы саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған.