Яна Легкодимованы өлтіргендер жазасын өтеуге әлі жіберілмеген

15 сәуір, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимова өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы жергілікті "Ақ Жайық" басылымы мәлімдеді.

Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сот үкімі шыққанына қарамастан, сотталғандар тиісті түзету мекемесіне әлі жеткізілмеген. Қазіргі уақытта олар өңірдегі тергеу изоляторында қамауда.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай санаттағы сотталғандарды колонияға этаппен жіберу үшін Қазақстан Ұлттық ұланы тарапынан арнайы күзет қарауылы бөлінуі қажет. Осы мақсатта тиісті сұраныс жолданған.

Алайда сотталғандарды нақты қашан колонияға жеткізу жоспарланып отырғаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұл қылмыс 2024 жылдың 18 қазанында Атырау қаласында орын алған. Тергеу барысында Яна Легкодимованың аса қатыгездікпен өлтірілгені анықталып, айыптыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Тэгтер:

атырау Яна Легкодимова